Орынборда Қазақстан мен Ресейдің 18-ші өңіраралық ынтымақтастық форумы өтті. Оған Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин онлайн режимде қосылды. Екі елдің мемлекеттік органдарының, іскер топ және сараптамалық қоғамдастық өкілдерінің басын біріктірген форумда бірнеше мәселе талқыланды. Әсіресе халықаралық сауданың инфрақұрылымдық шектеулерін алып тастауға баса назар аударылды. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов бастаған Ақтөбе делегациясының мүшелері Ресей-Қазақстан іскерлік кеңесінің отырысына, панельдік сессияларға қатысты. Онда екі елдің көлік-логистика әлеуетін арттыру, шекара маңындағы кедергілерді алып тастау, қазіргі жағдайдағы кооперациялық жобаларды басқару және өзге мәселелер қаралды.