Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Таза Қазақстан» акциясы аясында @TazaQazBot телеграм-чат-ботын іске қосты. Енді кез келген адам еліміздегі, өңірдегі экология мәселелері туралы өтінім бере алады. Яғни, заңсыз кесілген ағаш, құрылысы тоқтап қалған саябақ жайлы да хабар беріп, оған жауап ала аласыз. Фотоға түсіріп, жүктеуге де болады.