«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында қалада «JASYL CROSS-2024» экологиялық плоггингі өтті. Елорданың туған күні қарсаңында ұйымдастырылған шараға "Жасыл ел" еңбек жасағының жастары мен облыстық Мәслихат депутаттары қатысты. Олар Ақтөбе су қоймасының жағалауын қоқыстан тазартты.