"Әр өлеңі бір әлем". Бүгін осындай атаумен Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында поэзия кеші өтті. Шарада ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері оқылды, ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалды. Сонымен қатар, әдебиет алыбының кітаптарынан көрме ұйымдастырылды. Кешке қызығушылық танытқандардың дені студенттер мен оқушылар.