Жоғары сынып оқушылары арасындағы республикалық "Ақберен" өнер байқауының іріктеу кезеңі өтті. Жыл сайын еліміздің ең өнерлі, дарынды оқушыларының басын қосатын бірегей жобаның қалалық деңгейіне 200-ге жуық шығармашыл жас қатысты. Оқушылар алты бағыт бойынша өнер көрсетті. Үздік шыққандары алда облыстық кезеңге қатысады. Жалпы үш деңгейлі іріктеуден өткен жас өрендер республикалық байқауға жолдама алады