Облыста 4500-ге жуық адам жүрек жетіспеушілігі синдромымен есепте тұрады. Бұл туралы Ақтөбеде өткен кардиологиялық аурулардың алдын-алу мақсатында ұйымдастырылған шеберлік сағатында белгілі болды.
Жиын барысында өңірлік дәрігерлер Астанадан келген мамандармен тәжірибе алмасты. Сондай-ақ ультрадыбыстық аппаратты қолдану арқылы шеберлік сағаты ұйымдастырылды.