Негізгі Жаңалықтар "МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ" ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН ІЗДЕЙДІ

"МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ" ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ ҚАТЫСУШЫЛАРЫН ІЗДЕЙДІ


Өңірде "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсының қалалық кезеңіне өтінім қабылдау жалғасып жатыр. Биыл 11-ші мәрте өткізілгелі отырған дәстүрлі байқауға аймақтағы 20 отбасы өтінім беріп үлгерген.

Дегенмен, қатысушыларды қабылдау жұмыстары 1 ай бойы жалғасын таппақ. Басты мақсат - аймақтағы үлгілі отбасыларды көпшілікке насихаттап, отбасы институтын қалыптастыру.

Ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, дейді конкурс ұйымдастырушылары.

Айта кетейік, былтыр аталған байқаудың "Бас жүлдесін" Тобылбаевтар отбасы иеленген болатын. Биылғы байқаудың да өзіне тән ерекшелігі көп. Жүлде қоры да қомақты.

Бөлісу