Шалқар қаласында «Алуа парк» балалар ойын-сауық орталығы ашылды. Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Жанболат Жидеханов құттықтау сөз сөйлеп, қос кәсіпкерге сәттілік тіледі. Кәсіпкер Марғұлан Махамбетовтың жаңа бастамасы аудандағы 30 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік беріп отыр. Айтып өтейік, ойын-сауық орталығында балаларға арналған батут, әткеншек секілді қызықты алаңдары бар. Ал ғимараттың екінші қабатына жеке кәсіпкер Алмас Нұрманов отбасылық дәмхана ашты. Мұнда туған күн иесіне, көпбалалы отбасылар мен ерекше балаларға жеңілдіктер қарастырылған