Танымал қазақстандық спортшы Ақтөбе облысындағы 4 мектепке сый жасады. Қазақстан мен әлемнің бірнеше дүркін рекордшысы, ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми амбассадоры Сергей Цырульников Ақтөбе облысына келді.
Өңірге іссапары аясында спортшы өз бастамасымен қолға алған «100 ауыл» жобасын таныстырды. Спортшының өз қаражаты және достарының демеушілігімен іске асырылып жатқан бұл жоба Мемлекет басшысының оң бағасын алған.
Спортшы Алға ауданының Маржанбұлақ, Бестамақ орта мектептерінде, Хромтау ауданының Ақжар және Қарғалы ауданының Петропавловка ауылдарындағы мектептерінде болды. Қара күштің иесі білім ордаларында ауыл жастарымен кездесіп, шеберлік сағатын өткізді. Оқушыларға әкелген сыйлықтарын табыстады. Жастар да қалыс қалмады.