Әуе қорғанысы күштері әскери институтында жатақхана күрделі жөндеуден соң қайта қолданысқа берілді. 280 орындық жатын орында ақпараттық-тәрбие жұмысы бөлмесі, психологиялық кабинет бар.

Сонымен бірге рота командирлері мен олардың орынбасарлары, взвод сержанттары, қару сақтау және тазалауға арналған бөлмелер қарастырылған.

Ғимараттың бірінші қабатында әскери қызметшілердің дәрігерлік комиссиядан өтетін бөлмелері орналасқан. Жатақханада әуе және инженерлік батальондардың курсанттары, сондай-ақ әскери медицина мамандығы бойынша оқуға алғаш қабылданған курсант қыздар тұрады.

Айтып өтейік, биыл әскери институтқа 200-ден астам курсант түссе, оның 18-і - қыздар