Бар саналы ғұмырын прокуратура саласына арнаған заңгер Өтеген Сейітовтің туғанына 100 жыл толды. Еске алу шарасы Шалқардағы орталық саябақта өтті. Оған аудандық прокуратура, әкімдік, құқық қорғау және арнаулы органдардың қызметкерлері мен марқұмның жақын туысы Аманғали Төлебаев қатысып, сөз сөйледі. Айтып өтейік, Өтеген Сейітов 16 жасында прокуратура органдарында тіркеуші болды. Соғысқа қатыс. Аман-есен келген соң жұмысын жалғастырып, зейнет демалысына шыққанға дейін қызмет атқарған.