Заречный тұрғын алабындағы көпір қайта күрделі жөндеуден өтеді. Ал биыл ой-шұңқыры ғана жөнге келтіріледі. 
Облыс әкімі тұрғындардың шағымынан соң мұндағы жағдайды өзі көріп, танысты. Кейін жолды дереу жауып, жөндеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Қазіргі кезде ауа райы да қолайлы. Жолшылардың жедел қимылдауына мүмкіндік туып тұр. 

"Шұңқырларды жою бойынша жөндеу уақытша шешім екенін атап өтемін. Жол өтпесінің бетін арматуралауды, гидрооқшаулауды, қорғаныш қабатын және асфальтбетон жабынын салуды қамтитын көпірді күрделі жөндеу келесі жылы мердігер ұйыммен кепілдік міндеттемелер шеңберінде жүргізіледі. Құрметті жерлестер, қабылданып жатқан шараларға, соның ішінде көпір бойынша қозғалысты шектеуге түсіністікпен және шыдамдылықпен қарауларыңызды сұраймын", - деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасынды.