Халықаралық отбасы күнін мерекелеу аясында қалада "Отбасы ағашы" республикалық ағаш отырғызу акциясы басталды.

Игі шараға "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының қатысушылары мен қоғамдық ұйымдар, өңірдегі ең үлгілі отбасылар мен жас шаңырақ иелері қатысты.