Дәрігер Дана

Сипаттамасы

Ақылды да сүйкімді алты жасар Дананың сүйікті ойыны – қуыршақтарын емдеу. Өйткені Дананың ата-анасы – дәрігерлер. Есін білгелі ата-анасының адамдарды емдеп, жұртқа жасаған жақсылығын көріп өсіп келе жатқан бүлдіршін дәрігер болуды армандайды. Дананың отбасы төрт адамнан тұрады: әкесі, анасы және төрт жасар ерке інісі Арман. Арман ойыншық көліктермен ойнағанды ұнатады. Кейде тете өсіп келе жатқан әпкесі мен інісінің арасында түсініспеушіліктер де орын алып тұрады.

Дана мен Арманның бөлмелері бөлек, сондықтан әрқайсысы өз ойыншықтарына жауапты. Дана ойыншықтарына өте ұқыпты. Бөлмесін таза ұстайды. Ал Арман керісінше, үй жинағанды ұнатпайды. Сондықтан да ылғи ойыншықтарын іздеп жүреді.

Ата-аналары балаларына есік алдындағы көгалға екі шатыр жасап берген. Сол шатырдың бірінде Дана «науқастарын» қабылдайды. Ол өзін «Дәрігер Дана» - деп атайды. Дана күн сайын емдеу бөлмесі секілді жабдықталған шатырында «Денсаулық сабақтарын» жүргізеді. Ол өзінің сиқырлы медициналық сумкасын ашқан сәттен бастап ойыншықтарына жан бітеді.

Дана ойыншықтарына гигиеналық тазалықты сақтау керегін, дұрыс тамақтануды және оның ерекшеліктерін айтып, денсаулық күтудің негізгі ережелерін үйрететін болады. Орайы келгенде Арманның да ойыншықтарына медициналық қызмет көрсетіп, білгенімен бөлісіп отырады. Ал Дананың көптеген ойыншықтарының ішіндегі көмекшілері Ақ қоян мен Қызыл түлкі әртүрлі қызықты оқиғалардың негізін қалаушы кейіпкерлер болады.

Жанры: шытырман оқиғалы

Форматы: 3D анимация

Хронометражы: 5 минут

Серия саны: 26 серия

Тілі: қазақ

Аудиториясы: -6

Последние видео

Ничего не найдено...
Загрузить еще