Алтын кілт

Сипаттамасы

Оқиға бірнеше ғасыр бұрынғы Алан тайпасының өмірінен бастау алады. Тайпаның абызы алтын кілтті қолына алып, бұл кілт біздің болашағымыз әрі еркіндігіміз деп сөз бастайды. Аландар бастарынан көптеген қиындықтар өткеріп, әлгі кілтті үлкен тастың астына бастырып кетеді. Арада бірнеше жыл өтіп әлгі тасты Ғұндардың батыры көтеріп, астындағы кілтті алып, мойынына тағып алады.


Ғұндар да әлгі кілтке үлкен құрметпен әрі жауапкершілікпен қарайды. Олар да бастарынан түрлі нәубетті өткеріп, кейіннен кілтті тау басына тығып кетеді. Арада бірнеше жыл өтіп, кілтті сақтар кеп алады. Сақтар кілтке қол жеткізу үшін де соғыстар мен жанжалдарды бастан кешіреді. Десе де, кілтке ие болады. Кілттің қандай қасиеті барын ешбірі толық түсінбесе де, олар да оған аса ыждаһаттылықпен қарап, құрмет тұтады. Осылайша кілт бірнеше ғасыр бойы ұрпақтан ұрпаққа жетеді. Бұл кілт сақтардан кейін үйсіндер, қыпшақтар, түркілер, алтын орда, қазақ хандығы кезінде де көрініс тауып олар да алтын кілтті ерекше қастерлеп, қадірлейді. Осыншама ғасырды артқа тастап, небір нәубеттің көрінісі болған алтын кілтті соңында қазақтың ханы, Абылайхан балбалтастардың астына апарып тығады. Арада бірнеше жыл өткен соң әлгі балбалтастардың жанына кілтті алуға бірнеше қазақтың бойшаң жігіттері кеп алмақ болады (бұлар Алашордалықтар). Әлгі жігеттердің бірі алтын кілтті қолына ала бергенде аспан бұлттанып, күн күркіреп, жау төбесі көрінеді. Десе де, олар кілтті тығып үлгереді де, өздерінің жандарын қияды.


Бұл оқиғадан кейін де бірнеше жыл өтеді. Кейіннен аяқтары кісендеулі адамдар бейнеленеді. Олар жау қолына түсіп, аяқтарына кісен тағылып, ауыр жұмысқа жегілген екен-ді. Десе де, арасындағы бір кішкентей баланың аяғына кісен үлкен боп ол, кісенсіз ойнақтап жүр. Сол сәтте, бір ақсақал оның құлағына сыбырлап, әлгі алтын кілтті табуын өтінеді. Осылайша, әлгі балақай алтын кілтті іздеуге шығады. Қаншама қиындықтарды жеңіп, түбінде кілтке қол жеткізеді. Сөйтеді де, үйіне қайта оралып, кісенделген адамдардың аяғындағы кісендерді әлгі кілтпен ағыта бастайды. Осылайша дәуірлерді өткерген Алтын кілт, түбінде үлкен іске жарап, адамзатқа еркіндік сыйлайды.


Алтын кілттің қадіріне жеткен ұрпақ та, кілттің қандай жолмен бізге жеткенін ұғынып, оны аса үлкен құрметпен қастерлейді.  

Последние видео

Ничего не найдено...
Загрузить еще