«Жекпе-жек» сарайында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске алуға арналған ересектер арасында дзюдодан «ALIYA OPEN» республикалық турнирі өтті. Дәстүрлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ден астам спортшы келіп қатысты. Ерлер мен әйелдер 14 салмақ дәрежесінде татамиде өзара мықтыны анықтады.