✔️Мемлекет басшысы алдымен Ақтөбе қаласындағы болат құбырларын шығаратын зауыттың жұмысымен танысты. Кәсіпорын жылына 20 мың тонна өнім өндіреді. Құны 3,5 млрд теңге болатын нысан биыл шілде айында пайдалануға берілген.
Зауыт құрылтайшысы Мирғали Бурбаевтың айтуынша, қазір өндіріс орнында құбырларды, металл әзірлемелерін дайындайтын қондырғылар іске қосылған. Кәсіпорын алдағы уақытта шығарылатын өнім түрлерін көбейтіп, цехтардың қуаттылығын арттыруды көздеп отыр.
✔️Одан соң Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті тауар өндірушілердің көрмесін аралады. Көрмеге өндіріс және теміржол саласына арналған жабдықтар, сондай-ақ медициналық қондырғылар мен дәрі-дәрмектер, арнайы киімдер, тұрмыстық химия, сантехника бұйымдарын шығаратын кәсіпорындардың өнімдері қойылған.
@qazaqstantv