Құдайберген Жұбанов атындағы өңірлік университетте "Абайтану" ғылыми-зерттеу орталығы ашылды. Мұнда, Елбасының "Мәңгілік ел" идеясы мен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Абай мұралары насихатталады. Әрі студенттер, магистранттар, докторанттар, мектеп мұғалімдері мен оқушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Әуезовтанушы Әдебиет Молдаханов өзінің 500-ден аса кітабын осы орталыққа тарту етті. Айтып өтейік, кабинеттің ашылу салтанатына Семей қаласынан "Жидебай-Бөрілі" музейінде сақталған жәдігерлер жеткізілді. Онда ұлы ақынның өз заманында қолданған бұйымдары бар.