Жаңа Конституция жобасын көпшілікке кеңінен таныстыру жұмыстары өндіріс орындары мен әлеуметтік маңызы бар мекемелерде ғана емес, сонымен қатар халық көп шоғырланатын қоғамдық орындар мен ірі сауда орталықтарында да белсенді жүргізіліп жатыр. Республикалық референдум алдындағы бұл науқан - халықтың ел болашағының кемелденуіне жасалған жаңашылдықтарды тереңірек түсінуіне бағытталған. Бүгін өңірлік коалиция мүшелері қаладағы бірқатар ірі сауда орнына барып, ондағы еңбек ұжымы мен тұтынушыларға Ата заңның жаңа нұсқасын түсіндірді. Кездесу барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, жұмысшы құқығын қорғау мәселелері сөз болды. Жиналғандар Жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді.