Жаңа оқу жылы басталды. Кеше мектептерде алғашқы қоңырау соғылды. Биыл облыс бойынша 18 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа қабылданды.
Бұл оқу жылында өңір алдында білім беру жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты маңызды міндеттер қойылды.
Басым бағыттардың бірі – инфрақұрылымды дамыту және үш ауысымды, апатты жағдайдағы мектептер мәселелерін шешу. 16 190 оқушыға арналған 33 жаңа мектептің құрылысы жоспарланған. Оның 14-і «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында салынады.
Жыл соңына дейін 6 150 орындық 17 мектептің ашылмақ.