«Кітап - сарқылмас рухани әлем» осындай атаумен облыстық әкімдік ғимаратында рухани шара өтті.


Онда мемлекеттік қызметшілер өңірлік ақын, жазушылардың шығармаларымен, өлке тарихы насихатталған туындылармен танысты. Оқырмандар назарына кітапхана қорындағы өзін-өзі дамытуға арналған, коммуникативтік дағдыларды жетілдіру мен қарым-қатынасты нығайту бойынша жаңа кітаптар топтамасы ұсынылды