Хромтау ауданы әкімінің орынбасары, қала әкімі және құрылыс бөлімінің басшысы мемлекеттік қызметке кір келтіргендері үшін жауапқа тартылды. Үшеуі жайылымға жер сұрап барған хромтаулық шаруаның өтінішін қанағаттандырмай, жер беруден бас тартқан.


Бұған келіспеген ауыл тұрғыны мемлекеттік қызметшілердің үстінен арызданыпты. Мәселе Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды.