Ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру - жастарды отансүйгіштікке тәрбиелейді. Осыны мақсат еткен шарада түрлі саланың ардагерлері мен университет студенттері бас қосты. Олар Президент жолдауындағы жастарға қатысты тұстарын талқылап, пікір алмасты. Ардагерлердің айтуынша, табанды еңбек пен өз ісінің маманы болу - болашақта қызметтік өсуге, биікке шығуға өз септігін тигізеді. Өмірден түйгені мол, тәжірибелі аға буынның жолы жігерлі жастарға үлкен әсер қалдырды. Қатысушылар тарапынан сауалдар қойылып, толғандырып жүрген сұрақтарға жауап берілді. Айтып өтейік, алдағы уақытта мұндай кездесулер ауылдық жерлерде де ұйымдастырылмақ