Ақтөбеге жұмыс сапарымен Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов келді. Өңір тұрғындарымен арнайы кездесіп, сұрақ-жауап форматында жиын өткізді. Облыс бойынша құқықбұзушылықтың алдын алу, қылмыспен күрес жолындағы жұмыстар сөз болды. Жол-көлік оқиғаларының көрсеткіші біздің өңірде жоғары екендігі, жол инфрақұрылымын реттеу керегі баса айтылды.