Тарихи жеңіс. Ақтөбелік боксшы әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Испанияның Ла-Нусия қаласында өткен байрақты бәсекеде Дәулет Төлеміс күміс жүлдені олжалады. Елге абыроймен оралған былғары қолғап шеберін жерлестері әуежайдан күтіп алды.