Бүгін қаладағы мектептер қатары тағы бір білім ордасымен толықты. Есет батыр тұрғын алабына қарасты 4-ші шағын аудандағы мектептің құрылысы көпті алаңдатқаны белгілі. Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың тікелей қадағалауымен аталған нысан аяқталды. Аймақ басшысы тұрғындар қуанышына ортақ болды.