Спорт күніне арналған шараға мемлекеттік органдар мен қаладағы кәсіпорындар және фитнес-клубтардың 100-ден астам өкілі қатысты. Олар, суда жүзуден, жүгіруден және велосипед тебуден жарысты. Тілші тарқатады.{СЮЖЕТ}

Жарысқа ерлер мен әйелдерден құралған барлығы 35 команда қатысты. Алдын-ала белгіленген ережеге сай топтарға бөлініп, бақ сынады.

ЕВГЕНИЙ  ГОНЧАРОВ, ҚАЛАЛЫҚ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

- Біз 15-20 команда қатысатын шығар деп ойлағанбыз. Алайда, жарыс басталардан бір күн бұрын олардың саны 30-дан асып кетті. Бұл әрине қуантарлық жағдай. Ақтөбеліктердің спортта да белсенді екенін көрсетеді.

Триатлоннан жарыс Ақтөбеде алғаш рет өтіп отыр. Чемпионатқа бірқатар кәсіпорын басшыларының өздері қатысу туралы тілек білдірген. Бұл өзгелерге үлгі болғаны анық. Себебі, жарысқа келушілердің арасында тек кәсіпорын жұмысшылары ғана емес, қарапайым қала тұрғындары да болды.

Триатлон - суда жүзу, веложарыс және жеңіл атлетиканы біріктірген олимпиадалық спорт түрі.  Жарыстың алғашқы кезеңі жүзу - Ақтөбе су қоймасындағы "Саяхат" жағажайында өтті. Оған қала әкімі де қатысты.