Алдағы он жылда өңірде жылына 10 мың тонна балық өндірілмек. Жоспар бойынша 70 шаруашылық осы іспен айналысады. Бұл туралы өңірге жұмыс сапарымен келген Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Нариман Жүнісов шаруалармен кездесуінде айтты. Әрі биыл осы кәсіпке бетбұрғандар үшін субсидия көлемі артты. Шаруаларға берілетін жеңілдік жайлы тілші айтып береді.