"Nur Otan" партиясының облыстық филиалы бір топ белсендіні марапаттады. Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауы кезінде жұмыс істеген 900-ге жуық ақтөбелікке партия төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хаты берілді. Олардың арасында ардагерлер, өнер адамдары мен жастар, қоғамдық ұйым өкілдері бар.